ещё
свернуть
Все статьи номера
№4, 2017
Тәжірибе алмасамыз

Оқу-тәрбие жұмысының жылдық жоспары

Білім беру ұйымының (бұдан әрі – БҰ) оқу-тәрбие жұмысының жоспары мектептің педагогикалық ұжымының қызметін басқарудың негізгі құралы болып табылады.  

Басқару практикасы, БҰ тексеру бойынша комиссияға мүшелік ету нәтижелері мектептің жұмыс жоспарының пайдалы әсерінің коэффициенті көп жағдайда төмен деңгейде қалатыны жөнінде ой түюге мүмкіндік береді, кейде оларды тек ресми түрде құрастырады, яғни олар «жұмыс істемейді».

Мектептің күнделікті тіршілігін тиімді, ұтымды ұйымдастыру, мектеп басшысы мен мұғалімдерінің қызметті сапалы атқаруы, білім беру үдерісінің жетістіктері шешілетін міндеттердің болашағына, нақтылығына, міндеттерді нақты бөлуге және жұмысты епті, жедел үйлестіруге байланысты. Мұның бәрін мектептің көп қырлы тіршілігінің әр учаскесінде нақты, ойластырылған жұмыс жоспары болғанда ғана іске асыруға болады.

Жылдық жұмыс жоспарында педагогикалық ұжымның басты міндеттері туындайтын стратегиялық мақсат пен өз кезегінде мектептің әдістемелік бірлестіктер, психологиялық-педагогикалық қызметі, әкімшілік корпус және т. б. секілді жекелеген бөлімдерінің нақты міндеттерін жүйелейтін мақсаты тұжырымдалған.

Мектептік жоспарлаудың негізгі қағидаттары:

  • ізгіліктілік;
  • ғылымилық;
  • демократияландыру;
  • келешегі мен сабақтастығы;
  • үйлестіру;
  • мақсаттылық пен үздіксіздік;
  • жоспарлы тапсырмаларды белгілеудегі өлшемділік;
  • ұжымшылдық пен кешенді-жүйелі тұрғыдан келу;
  • объективтілік пен нақтылық;
  • жыл бойы ұжым мүшелері арасында барлық істерді тең бөлу;
  • шынайылық пен қарқындылық;
  • оңтайлылық пен нәтижелілік.

Жоспарлау үдерісі келесі құрамдастардан тұрады:

  • болжау – жалпы БҰ-ның немесе оның жекелеген басқарма бөлімдерінің болашақ жай-күйін ғылыми негізделген түрде болжау;
  • нәтижелер – мақсаттар мен міндеттерді белгілеу;
  • құралдары – мүмкін нұсқаларын сапалы және сандық талдау, бағдарламалардың, процедуралардың іс-қимыл қағидаларын анықтау және оның ішінен мақсатқа жету мен міндеттерді орындауға бағытталған өлшемшарттарға сай келетінін таңдау;
  • ресурстары – білім беру үдерісінің мүшелері, уақыт, БҰ-ның қаржы-шаруашылық және материалдық-техникалық жай-күйі;
  • енгізу – іс-қимыл бағдарламасын әзірлеу, шешім қабылдау, оларды ұйымдастыру тәсілдері және жоспарды орындаудың реттілігін белгілеу;
  • бақылау – жоспардың қателерін және оның орындалмауын көрсету және табу, сондай-ақ оның алдын алу әдістемесін әзірлеу.

Бұл құрамдастар мектептің жоспарында міндетті түрде болуы тиіс, себебі олар оның әдіснамалық негізін білдіреді.

САРАПШЫНЫҢ ТҮСІНДІРМЕСІ

Мектептің техникалық персоналына дезинфекциялық құралдарды пайдаланғаны үшін қосымша ақыны қалай төлеуге болады?
«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» ҚР Үкіметінің 31.12.2015 ж. № 1193 қаулысына 18-қосымшаның 9-т. 2) тарм. сәйкес дезинфекциялық құралдарды пайдаланатын өндірістік және қызметтік үй-жайларды тазалаушыларға БЛА-дан 20 % мөлшерінде қосымша ақы төленеді. Аталған қосымша ақы дезинфекциялық құралдарды пайдалана отырып жұмыс істейтін барлық тазалаушыларға төленуге тиіс.
Жалғасын «ACTUALIS: Білім беру» электрондық жүйесінен оқи аласыздар